"FIVE BROKERS' CAPITAL" АҚ KZ2C00008662 (FIVEb3) облигациялары
айналыс мерзімінің аяқталуына байланысты KASE ресми тізімінен
шығарылды
10.08.23 09:28
/KASE, 10.08.23/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2023 жылдың
10 тамызынан бастап "FIVE BROKERS' CAPITAL" АҚ (Алматы)
KZ2C00008662 (KASE баламалы алаңы, "коммерциялық облигациялар"
санаты, FIVEb3; 100 теңге, 100,0 млн теңге, 10.08.22 – 10.08.23; тоқсандық
купон, жылдық 15,00%; 30/360) облигациялары айналыс мерзімінің
аяқталуына байланысты KASE ресми тізімінен шығарылғаны туралы
хабарлайды.
Аталған облигациялар 2022 жылдың 03 тамызынан бастап баламалы
алаңның "коммерциялық облигациялар" санаты бойынша KASE ресми
тізіміне енгізілген. Олармен сауда-саттық 2022 жылдың 08 тамызынан
бастап ашылған.
[2023-08-10]