KZ
12 шілде 2025, 06:29
old.kase.kz-ке өту
Қазақша
Ақпарат/
Нарықтар мен компаниялардың жаңалықтары
09.08.2023 11:41 #Корпоративтік уақиғалар

"Өскемен титан-магний комбинаты" АҚ акционерлері 2022 жылдағы таза табысты бөлу тәртібін бекітті

/KASE, 09.08.23/ – Акциялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "Өскемен титан-магний комбинаты" АҚ (Өскемен) 2023 жылдың 26 шілдесінде өткен акционерлерінің жылдық жалпы жиналысының шешімдері туралы KASE-ге хабарлады.

Акционерлер, оның ішінде, келесі шешімдерді қабылдады:

  • компанияның 2022 жылға жылдық қаржылық есептілігі бекітілсін;
  • компанияның 2022 жылдағы 6 741 141 мың теңге сомасындағы таза табысын бөлу тәртібі бекітілсін:
  • 91 724 мың теңге – дивидендтерге;
  • 6 649 417 мың теңге – техникалық қайта жарақтандыруға, ғылыми- зерттеу жұмыстарына және негізгі құралдарды сатып алуға инвестицияларға.

Акционерлердің жалпы жиналысында жиналыстың күн тәртібіндегі алты мәселе бойынша шешімдер қабылданды.

Осы ақпарат орналастырылды – толығырақ

[2023-08-09]