/KASE, 09.08.23/ – Акциялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми
тізімінде тұрған "Өскемен титан-магний комбинаты" АҚ (Өскемен)
2023 жылдың 26 шілдесінде өткен акционерлерінің жылдық жалпы
жиналысының шешімдері туралы KASE-ге хабарлады.
Акционерлер, оның ішінде, келесі шешімдерді қабылдады:
- компанияның 2022 жылға жылдық қаржылық есептілігі бекітілсін;
- компанияның 2022 жылдағы 6 741 141 мың теңге сомасындағы таза
табысын бөлу тәртібі бекітілсін:
- 91 724 мың теңге – дивидендтерге;
- 6 649 417 мың теңге – техникалық қайта жарақтандыруға, ғылыми-
зерттеу жұмыстарына және негізгі құралдарды сатып алуға
инвестицияларға.
Акционерлердің жалпы жиналысында жиналыстың күн тәртібіндегі алты
мәселе бойынша шешімдер қабылданды.
Осы ақпарат орналастырылды –
https://kase.kz/files/emitters/UTMK/utmk_special_shareholders_meeting_results_260723_2023.pdf
[2023-08-09]