08 тамыздан бастап Қазақстан қор биржасында Newmont Corp. US6516391066 (NEM_KZ) жай акцияларымен сауда-саттық тоқтатылады

08.08.23 11:37
/KASE, 08.08.23/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2023 жылдың 08 тамызынан бастап KASE олар бойынша орталық контрагенттің функцияларын жүзеге асыратын репо операциялары бойынша және есеп айырысу күні 2023 жылдың 07 қыркүйекте және одан кейінгі күндерге келетін Newmont Corp. (АҚШ) US6516391066 (сектор "KASE Global", NEM_KZ) жай акциялармен сауда-саттық тоқтатыла тұратынын хабарлайды. Сауда-саттық "Биржалық қызметті жүзеге асыру ережелері" атты KASE ішкі құжатының 11-2 бабы 1 тармағының 10) тармақшасына сәйкес 2023 жылдың 07 қыркүйектен көрсетілген акциялар бойынша дивидендтер төлеу үшін тізілімді тіркеу жүзеге асырылатыны туралы ақпараттың болуына айланысты тоқтатылды. KASE-де көрсетілген акциялармен сауда-саттық 2023 жылдың 11 қыркүйегiнен бастап қайта басталады. [2023-08-08]