07 тамыздан бастап Қазақстан қор биржасында NIKE, Inc. (NKE_KZ) US6541061031 жай акцияларымен сауда-саттық тоқтатылды

07.08.23 10:37
/KASE, 07.08.23/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2023 жылдың 07 тамызынан бастап, KASE олар бойынша орталық контрагенттің функцияларын жүзеге асыратын репо операциялары бойынша және есеп айырысу күні 2023 жылдың 05 қыркүйегiне және одан кейінгі күндерге келетін, Nike, Inc АҚШ) US6541061031 ("KASE Global" секторы, NKE_KZ) жай акцияларымен сауда-саттық тоқтатылғанын хабарлайды. Сауда-саттық KASE "Биржалық қызметті жүзеге асыру ережелері" атты ішкі құжатының 11-2 бабы 1-тармағының 10) тармақшасына сәйкес KASE-де 2023 жылдың 05 қыркүйегiнде көрсетілген акциялар бойынша дивидендтер төлеу үшін тізілімді тіркеу жүзеге асырылатыны туралы ақпараттың болуына байланысты тоқтатылды. Көрсетілген акциялармен KASE-дегі сауда-саттық 2023 жылдың 07 қыркүйегiнен бастап қайта басталады. [2023-08-07]