"Swiss Capital (Свисс Капитал)" МҚҰ" ЖШС Қазақстан қор биржасында жазылым арқылы KZ2P00009947 (MFSCb3) екі жылдық облигацияларын жылдық 10,50 %-бен орналастыра отырып, $5,0 млн тартты

04.08.23 18:34
/KASE, 04.08.23/ – Бүгін KASE сауда-саттық жүйесінде "Swiss Capital (Свисс Капитал) "ЖШС (Алматы) KZ2P00009947 (KASE баламалы алаңы, "облигациялар" санаты, MFSCb3; $100, 1 10,0 млн; 04.08.23 – 04.08.25; ай сайынғы купон; 30/360) облигацияларына жазылу арқылы бастапқы орналастыру жүргізілді. Аталған облигацияларға жазылу кезінде сатушы ретінде "Фридом Финанс" АҚ (Алматы) болды. Орналастыруға номиналды көлемі 5 000 000 АҚШ доллары болатын облигациялар ұсынылды. Жазылым аясында тек шектелімді өтінімдер қабылданды. Жазылым шеңберінде өтінімдерді қабылдау 2023 жылдың 04 тамызында Астана қаласы уақытымен сағат 10:30-дан 13:15-ке дейін жүргізілді. Сауда-саттыққа KASE екі мүшесі қатысты (қатысушылар шоттарының саны – 85). Сауда-саттық жүйесіне барлығы 5,0 млн АҚШ доллары көлемінде 87 шектелімді өтінім берілді, оның 85-і өтінім жинау аяқталған кезде белсенді деп танылды. Берілген белсенді өтінімдердегі таза баға номиналдың 100,0000 % (жылдық 10,50%) құрады. Жазылу сұранысы ұсыныстың 99,1 % құрады. Белсенді өтінімдердің барлық көлемі жеке тұлғалардың үлесіне тиді. Орналастыру нәтижелері бойынша жалпы сомасы 4 957 200,0 АҚШ долларына (баламасы 2 206 003 572,0 теңгеге) барлық белсенді өтінімдер қанағаттандырылды. Қанағаттандырылған өтінімдердегі таза баға номиналдың 100,0000 % (жылдық 10,50%) құрады. "Бағалы қағаздардың орталық депозитарийі" АҚ (Алматы) деректеріне сәйкес аталған облигацияларға жазылу нәтижелері бойынша, осы ақпарат жарияланған кезде мәмілелер есеп айырысу жүргізілді, жазылым аяқталды. [2023-08-04]