KZ
RU
EN
27 қыркүйек 2026, 20:34
KZ
RU
EN
Кіру
03.08.2023 18:08 #Сауда-саттық ақпараты

03 тамызда Қазақстан қор биржасында Еуразиялық даму банкі KZ2D00009958 (EABRb41) екі жылдық облигацияларын жылдық 15,50 %-бен орналастыра отырып, 25,0 млрд теңге тартты

/KASE, 03.08.23/ – Бүгін Қазақстан қор биржасының (KASE) сауда-саттық жүйесінде Еуразиялық даму банкінің KZ2D00009958 ("халықаралық қаржы ұйымдарының бағалы қағаздары" секторы; EABRb41; 1 000 теңге, 50,0 млрд теңге; 03.08.23 – 03.08.25; 30/360) облигацияларын орналастыру бойынша мамандандырылған сауда-саттық өтті. Төменде сұраныс параметрлері және мамандандырылған сауда-саттық нәтижелері келтірілген.

---------------------------------------------------------------
СҰРАНЫМ ПАРАМЕТРЛЕРІ:
--------------------------------------------- -----------------
Қатысушылар саны:                             3
Берілген өтінімдер саны (барлығы / белсенді)  4 / 3
оның ішінде:                                  4 / 3
– шектелімді:                                 0
– нарықтық:                                   27 000,0
Белсенді өтінімдер көлемі*, млн теңге:        27 000,0
– шектелімді:                                 0
– нарықтық:                                   108,0
Берілген өтінімдер бойынша купон мөлшерлемесі, жылдық %
(барлығы / белсенді):
– минималды                                   15,5000
– максималды                                  15,7500
– орташа сараланған                           15,5811 / 15,5185
---------------------------------------------------------------
* белсенді өтінімдер – өтінімдерді беру кезеңі аяқталған кезде
  сауда-саттыққа қатысушылар жоймаған, оның ішінде
  Растау жүйесіне қатысушылар растаған өтінімдер.

Белсенді өтінімдердің барлық көлемі банктердің үлесіне тиді.

ОРНАЛАСТЫРУ НӘТИЖЕЛЕРІ:

-------------------------------------------------------- ----------------
Қанағаттандырылған өтінімдердің, облигациялардың көлемі: 25 000 000
Қанағаттандырылған өтінімдердің көлемі, теңге:           25 000 000 000,0
Қанағаттандырылған өтінімдер саны:                       2
Өтінімдері қанағаттандырылған қатысушылар                2
саны:
Қанағаттандырылған өтінімдер көлемі,                     100,0%
жоспардан %:
Қанағаттандырылған өтінімдердегі купон                   15,5000
мөлшерлемесі, жылдық %:
-------------------------------------------------------------------------

"Бағалы қағаздардың орталық депозитарийі" АҚ (Алматы) деректеріне сәйкес осы орналастыру бойынша мәмілелер сауда-саттық нәтижелері бойынша есеп айырысулар аяқталған кезде толық көлемде орындалды және қанағаттандырылды.

ОРНАЛАСТЫРУ ШАРТТАРЫ:

----------------------------------------------- ---------------------------------------------
Сауда-саттық күні:                              03.08.23
Орналастырудың жарияланған көлемі, теңге:       25 000 000 000
Лот мөлшері, дана.:                             1
Сауда-саттық заты:                              купон мөлшерлемесі
Сатып алуға өтінім түрі:                        шектелімді
Өтінім беру тәсілі:                             жабық
Өтінімдерді қабылдау уақыты:                    10:00–14:00
Өтінімдерді растау уақыты:                      10:00–14:30
Кесімдеу уақыты:                                15:00 (Т+0)
Төлем күні мен уақыты:                          03.08.23, 15:00
Өтінімдерді кесу әдісі:                         бағалары кесімдеу бағасына тең
                                                немесе одан жоғары өтінімдер
                                                кесімделеді
Өтінімдердің бағасына байланысты шектелімді     бірыңғай кесімдеу бағасы бойынша
өтінімдерді қанағаттандыру тәсілі:
Шектелімді өтінімдерді беру кезектілігіне қарай қарсылама өтінімдерді қабылдау уақыты бойынша
қанағаттандыру тәсілі:
Сауда-саттықты өткізудің бастамашысы:           Еуразиялық даму банкі
---------------------------------------------------------------------------------------------

Аталған облигациялардың шығарылымы туралы толық ақпарат мына сілтеме бойынша жарияланған толығырақ

[2023-08-03]