/KASE, 01.08.23/ – Акциялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми
тізімінде тұрған "Кристалл Менеджмент" АҚ (Алматы, бұдан әрі дәйексөзде –
Қоғам) "2023 жылдың 25 шілдесіндегі Қазақстан Республикасының Энергетика
министрлігі (құзыретті орган) мен Қоғам (Жер қойнауын пайдаланушы)
арасындағы Қызылорда Қарағанды және Ақтөбе облыстарындағы учаске (А блогы)
аумағында көмірсутектерді барлауға және өндіру туралы келісімшартқа № 10
толықтыру жасасу туралы" KASE-ге хабарлады.
Осы ақпарат орналастырылды –
https://kase.kz/files/emitters/CRMG/crmg_contracts_minerals_250723_.pdf
[2023-08-01]