"CAPITAL Leasing Group (Капитал Лизинг Групп)" ЖШС KZ2P00009871
(CLSGb2) облигациялары KASE-де балама алаңның "облигациялар"
санаты бойынша листинг процедурасынан өтті
31.07.23 15:18
/KASE, 31.07.23/ – Қазақстан қор биржасының (KASE) Листингілік комиссиясы
2023 жылдың 31 шілдесінде Capital Leasing Group (Капитал Лизинг Групп)"
(Алматы) KZ2P00009871 (1 000 теңге, 2,0 млрд теңге; 2 жыл; жарты жылдық
купон облигацияларды орналастыру бойынша алғашқы сауда-саттықты өткізу
қорытындысы бойынша айқындалатын болады; 30/360) облигацияларының KASE
ресми тізіміне баламалы алаңының "облигациялар" санаты бойынша енгізу
туралы шешім қабылдады.
Листингілік комиссияның осы шешімінің күшіне ену күні туралы қосымша
хабарланатын болады.
Аталған облигациялардың KASE-де сауда-саттықтың ашылғаны туралы
қосымша хабарланатын болады.
Аталған облигацияларды шығару Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын
реттеу және дамыту агенттігі 2023 жылғы 30 Маусымда 10,0 млрд теңге сомаға
тіркеген "CAPITAL Leasing Group (Капитал Лизинг Груп)" ЖШС-нің бірінші
облигациялық бағдарламасы шегінде бірінші болып табылады.
"Capital Leasing Group (Капитал Лизинг Груп)" ЖШС-нің қаржылық кеңесшісі
"Teniz Capital Investment Banking" АҚ (Алматы) болып табылады.
Аталған облигацияларға CLSGb2 қысқартылған белгісі (сауда-саттық коды)
берілген.
Аталған облигациялардың шығарылымы туралы толығырақ ақпарат
листингтік комиссияның осы шешімі күшіне енгеннен кейін KASE интернет-
ресурсында жарияланатын болады.
[2023-07-31]