"RG Brands Kazakhstan" ЖШС KZ2P00009970 (Rgbrb2) облигациялары негізгі алаңның "облигациялар" санаты бойынша KASE-де листинг процедурасынан өтті
/KASE, 31.07.23/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) Листингілік комиссиясының 2023 жылғы 31 шілдедегі шешімімен "RG Brands Kazakhstan" ЖШС (Алматы) KZ2P00009970 (1 000 теңге, 30,0 млрд теңге; 10 жыл, жартыжылдық купон, жылдық 20,00%, 30/360) облигациялары KASE ресми тізіміне негізгі алаңның "облигациялар" санаты бойынша енгізілгені туралы хабарлайды.
Листингілік комиссияның осы шешімінің күшіне ену күні туралы қосымша хабарланатын болады.
KASE-де көрсетілген облигациялармен сауда-саттықтың ашылғаны туралы қосымша хабарланатын болады.
"RG Brands Kazakhstan" ЖШС қаржылық кеңесшісі "Сентрас Секьюритиз" АҚ (Алматы) болып табылады.
Аталған облигацияларға RGBKb2 қысқартылған белгісі (сауда-саттық коды) берілді.
Аталған облигациялардың шығарылымы туралы толығырақ ақпарат Листингілік комиссияның осы шешімі күшіне енгеннен кейін KASE интернет- ресурсында жарияланатын болады.
[2023-07-31]