"Самұрық-Энерго" АҚ өз акционерлерінің тізілімі жүйесінің 2023 жылдың 01 шілдесіндегі жағдай бойынша үзінді көшірмесін Қазақстан қор биржасына ұсынды
31.07.23 11:29
/KASE, 31.07.23/ – Облигациялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми
тізімінде тұрған, "Самұрық-Энерго" АҚ биржаға өзінің акцияларын ұстаушылардың
тізілімі жүйесінің 2023 жылдың 01 шілдесіндегі жағдай бойынша үзінді
көшірмесін ұсынды.
Үзінді көшірмеге сәйкес:
- компанияның жарияланған жай акцияларының жалпы саны 8 602 187 дана;
- компанияның 5 632 537 жай акциялары орналастырылған;
- компанияның орналастырылған акцияларының бес және одан аса пайызы
көлеміндегі санына иеленген жалғыз тұлға "Самұрық-Қазына" Ұлттық әл-ауқат
қоры" АҚ болып табылады, оның меншігінде 5 601 812 жай акциясы (компанияның
орналастырылған акцияларының жалпы санынан 99,45 %) бар.
[2023-07-31]