Ақпарат/
Нарықтар мен компаниялардың жаңалықтары
АҚ "Qazaqstan Investment Corporation" өз акционерлерінің тізілімі жүйесінің 2023 жылдың 01 шілдесіндегі жағдай бойынша үзінді көшірмесін Қазақстан қор биржасына ұсынды
/KASE, 28.07.23/ – Облигациялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған, АҚ "Qazaqstan Investment Corporation" биржаға өзінің акцияларын ұстаушылардың тізілімі жүйесінің 2023 жылдың 01 шілдесіндегі жағдай бойынша үзінді көшірмесін ұсынды.
Үзінді көшірмеге сәйкес:
- компанияның жарияланған жай акцияларының жалпы саны 55 000 000 дана;
- компанияның 53 585 003 жай акциялары орналастырылған;
- компанияның жалғыз акционері және, тиісінше, компанияның орналастырылған акцияларының жалпы санынан бес және одан аса пайызы көлеміндегі акциялар санына иеленген жалғыз тұлға "Бәйтерек" Ұлттық басқарушы холдингі" АҚ болып табылады.
[2023-07-28]