28 шілдеден бастап KASE-де Bank of America Corporation US0605051046 (Bac_kz) жай акцияларымен сауда-саттық тоқтатылады

27.07.23 17:42
/KASE, 27.07.23/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2023 жылдың 28 шілдесінен бастап KASE орталық контрагенттің функцияларын жүзеге асыратын және есеп айырысу күні 2023 жылдың 01 қыркүйегіне және одан кейінгі күндерге келетін репо операциялары бойынша Bank of America Corporation (АҚШ) US0605051046 ("KASE Global" секторы, BAC_KZ) жай акцияларымен сауда-саттық тоқтатыла тұратынын хабарлайды. Сауда-саттық "Биржалық қызметті жүзеге асыру қағидалары" KASE ішкі құжатының 11-2-бабы 1-тармағының 10) тармақшасына сәйкес KASE-де 2023 жылдың 01 қыркүйегінде көрсетілген акциялар бойынша дивидендтер төлеу үшін тізілімді тіркеу жүзеге асырылатыны туралы ақпараттың болуына байланысты тоқтатылды. KASE-де көрсетілген акциялармен сауда-саттық 2023 жылдың 04 қыркүйегінен бастап қайта басталады. [2023-07-27]