28 шілдеден бастап KASE-де Johnson&Johnson US4781601046 (JNJ_KZ) жай акцияларымен сауда-саттық тоқтатылады

27.07.23 17:29
/KASE, 27.07.23/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2023 жылдың 28 шілдесінен бастап KASE орталық контрагенттің функцияларын жүзеге асыратын және есеп айырысу күні 2023 жылдың 28 тамызына және одан кейінгі күндерге келетін репо операциялары бойынша Johnson&Johnson (АҚШ) US4781601046 ("KASE Global" секторы, JNJ_KZ) жай акцияларымен сауда-саттық KASE-де тоқтатылатыны жөнінде хабарлайды. Сауда-саттық "Биржалық қызметті жүзеге асыру қағидалары" KASE ішкі құжатының 11-2-бабы 1-тармағының 10) тармақшасына сәйкес KASE-де 2023 жылдың 28 тамызында көрсетілген акциялар бойынша дивидендтер төлеу үшін тізілімді тіркеу жүзеге асырылатыны туралы ақпараттың болуына байланысты тоқтатылды. KASE-де көрсетілген акциялармен сауда-саттық 2023 жылдың 31 тамызынан бастап қайта басталады. [2023-07-27]