"Еуразиялық Капитал" АҚ NL0000235190 (AIR_KZ) Airbus жай акциялары бойынша KASE-де маркет-мейкер мәртебесінен бас тартты

24.07.23 17:45
/KASE, 24.07.23/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) Басқармасының шешімімен 2023 жылдың 25 шілдесінен бастап "Еуразиялық Капитал" АҚ (Алматы) NL0000235190 ("KASE Global" секторы, AIR_KZ) Airbus (Нидерланды) жай акциялары бойынша KASE-де маркет-мейкер міндеттерін орындаудан босатылды. Бұл шешім KASE-нің "Маркет-мейкерлер қызметінің қағидалары" деген ішкі құжатының 3-бабына сәйкес маркет-мейкердің көрсетілген мәртебеден ерікті түрде бас тартуы себебінен қабылданды. [2023-07-24]