"Еуразиялық Капитал" АҚ NL0000235190 (AIR_KZ) Airbus жай акциялары бойынша KASE-де маркет-мейкер мәртебесінен бас тартты
24.07.23 17:45
/KASE, 24.07.23/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) Басқармасының шешімімен
2023 жылдың 25 шілдесінен бастап "Еуразиялық Капитал" АҚ (Алматы) NL0000235190
("KASE Global" секторы, AIR_KZ) Airbus (Нидерланды) жай акциялары бойынша
KASE-де маркет-мейкер міндеттерін орындаудан босатылды.
Бұл шешім KASE-нің "Маркет-мейкерлер қызметінің қағидалары" деген ішкі
құжатының 3-бабына сәйкес маркет-мейкердің көрсетілген мәртебеден ерікті
түрде бас тартуы себебінен қабылданды.
[2023-07-24]