KZ
9 мамыр 2025, 14:54
old.kase.kz-ке өту
Қазақша
Ақпарат/
Нарықтар мен компаниялардың жаңалықтары
21.07.2023 17:35 #Қаржы құралдары

24 шілдеден бастап KASE-де Citigroup Inc US1729674242 (C_KZ) жай акцияларымен сауда-саттық тоқтатылады.

/KASE, 21.07.23/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2023 жылдың 24 шілдесінен бастап KASE-де Citigroup Inc (АҚШ) US1729674242 ("KASE Global" секторы, C_KZ) репо операциялары бойынша, олар бойынша KASE орталық контрагенттің функцияларын жүзеге асыратын және есеп айырысу күні 2023 жылдың 07 тамызына және одан кейінгі күндерге келетін жай акцияларымен сауда-саттық тоқтатылатынын хабарлайды.

Сауда-саттық KASE-нің "Биржалық қызметті жүзеге асыру қағидалары" ішкі құжатының 11-2-бабы 1-тармағының 10) тармақшасына сәйкес KASE-де 2023 жылдың 07 тамызында көрсетілген акциялар бойынша дивидендтер төлеу үшін тізілімді тіркеу жүзеге асырылатыны туралы ақпараттың болуына байланысты тоқтатылды.

KASE-де көрсетілген акциялармен сауда-саттық 2023 жылдың 09 тамыздан бастап қайта басталады.

[2023-07-21]