"Қазақтелеком" АҚ Директорлар кеңесінің құрамы өзгертілді

20.07.23 16:26
/KASE, 20.07.23/ – Бағалы қағаздары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "Қазақтелеком" АҚ (Астана) 2023 жылдың 19 шілдесінде тәуелсіз директор А.Н. Буяновтың өз бастамасы бойынша Директорлар кеңесінің құрамынан шығарылғаны туралы KASE-ге хабарлады. Енгізілген өзгерісті ескере отырып, "Қазақтелеком" АҚ Директорлар кеңесі алты адамнан тұрады: Байдәулетов Н.Т, Ауғанов Г.К., Казутин Н.Ю., Есекеев К.Б., Жұбаев А.С., Заика Д.А. Осы ақпарат мына сілтеме бойынша орналастырылды – https://kase.kz/files/emitters/KZTK/kztk_board_changes_190723_1478.pdf [2023-07-20]