20 шілдеден бастап KASE-де US0255371017 (AEP_KZ) American Electric Power Company, Inc жай акцияларымен сауда-саттық тоқтатылды.
/KASE, 20.07.23/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2023 жылдың 20 шілдесінен бастап KASE-де репо операциялары бойынша, олар бойынша KASE орталық контрагенттің функцияларын жүзеге асыратын және есеп айырысу күні 2023 жылдың 10 тамызына және одан кейінгі күндерге келетін US0255371017 ("KASE Global" секторы, AEP_KZ) American Electric Power Company, Inc (АҚШ) жай акцияларымен сауда-саттық тоқтатылғанын хабарлайды.
Сауда-саттық "Биржалық қызметті жүзеге асыру қағидалары" KASE ішкі құжатының 11-2-бабы 1-тармағының 10) тармақшасына сәйкес KASE-де 2023 жылдың 10 тамызында көрсетілген акциялар бойынша дивидендтер төлеу үшін тізілімді тіркеу жүзеге асырылатыны туралы ақпараттың болуына байланысты тоқтатылды.
KASE-де көрсетілген акциялармен сауда-саттық 2023 жылдың 14 тамызынан бастап қайта басталады.
[2023-07-20]