KZ
9 мамыр 2025, 14:36
old.kase.kz-ке өту
Қазақша
Ақпарат/
Нарықтар мен компаниялардың жаңалықтары
18.07.2023 09:53 #Қаржы құралдары

18 шілдеден бастап Еуразиялық даму банкінің KZ2D00009958 (EABRb41) облигациялары KASE ресми тізімінің "Халықаралық қаржы ұйымдарының бағалы қағаздары" секторына енгізілді

/KASE, 18.07.23/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) Басқармасының шешімімен 2023 жылдың 18 шілдесінен бастап KASE ресми тізімінің "Халықаралық қаржы ұйымдарының бағалы қағаздары" секторына Еуразиялық даму банкінің KZ2D00009958 облигациялары (1 000 теңге, 50,0 млрд; 2 жыл; жылдық купон, облигацияларды орналастыру бойынша алғашқы сауда-саттықты өткізу қорытындылары бойынша айқындалатын болады; 30/360) енгізілді.

KASE-де көрсетілген облигациялармен сауда-саттықтың ашылғаны туралы қосымша хабарланатын болады.

Аталған облигацияларды шығару Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі 2020 жылдың 30 шілдесінде тіркеген Еуразиялық даму банкінің үшінші облигациялық бағдарламасы шеңберінде жалпы сомасы 250,0 млрд теңгеге алтыншы болып табылады.

Аталған облигацияларға EABRb41 қысқартылған белгісі (сауда-саттық коды) берілді.

Аталған облигациялардың шығарылымы туралы толығырақ ақпарат мына сілтеме бойынша жарияланды толығырақ

[2023-07-18]