"БАСТ" АҚ акционерлері 2022 жылға жай акциялар бойынша дивидендтер төлемеу туралы шешім қабылдады

17.07.23 16:38
/KASE, 17.07.23/ – Акциялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "БАСТ" АҚ (Қасқабұлақ ауылы) 2023 жылдың 12 шілдесінде өткен акционерлердің жылдық жалпы жиналысының шешімдері туралы KASE-ге хабарлады. Акционерлер, оның ішінде, мынадай шешімдер қабылдады: - компанияның 2022 жылғы қаржылық есептілігі бекітілсін; - 2022 жылға компанияның жай акциялары бойынша дивидендтер төленбесін. Осы ақпарат мына сілтеме бойынша орналастырылды – https://kase.kz/files/emitters/BAST/bast_special_shareholders_meeting_results_120723_314.pdf [2023-07-17]