13 шілдеден бастап Қазақстан қор биржасында Microsoft Corporation US5949181045 (MSFT_KZ) жай акцияларымен сауда-саттық тоқтатылады
13.07.23 09:44
/KASE, 13.07.23/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2023 жылғы 13 шілдеден бастап
KASE олар бойынша орталық контрагент функцияларын жүзеге асыратын және есеп
айырысу күні 2023 жылдың 17 тамызына және одан кейінгі күндерге келетін
Microsoft Corporation (АҚШ) US5949181045 ("KASE Global" секторы, MSFT_KZ)
жай акцияларымен KASE-де сауда-саттық тоқтатыла тұратынын хабарлайды.
Сауда-саттық KASE "Биржалық қызметті жүзеге асыру ережелері" атты ішкі
құжатының 11-2 бабы 1 тармағының 10) тармақшасына сәйкес KASE-де 2023 жылғы
17 тамызда көрсетілген акциялар бойынша дивидендтер төлеу үшін тізілімді
тіркеу жүзеге асырылатыны туралы ақпараттың болуына байланысты тоқтатылады.
KASE-де көрсетілген акциялармен сауда-саттық 2023 жылдың 21 тамызынан бастап
қайта басталады.
[2023-07-13]