KZ
2 сәуір 2025, 13:24
old.kase.kz-ке өту
Қазақша
Ақпарат/
Нарықтар мен компаниялардың жаңалықтары
11.07.2023 11:41 #Корпоративтік уақиғалар

10 тамызда "First Heartland Jusan Bank" АҚ акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысы өтеді

/KASE, 11.07.23/ – Бағалы қағаздары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "First Heartland Jusan Bank" АҚ (Алматы) KASE-ге 2023 жылдың 10 тамызында сағат 12:00-де мынадай күн тәртібімен оның акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысы басталатынын хабарлады:

  • банк акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысының күн тәртібін бекіту;
  • банктің 2020 жылдың 20 қарашасындағы "АТФБанк" АҚ жай акцияларын атып алу-сату шартына оны жасауға мүдделілік бар мәміле, сондай-ақ банкпен ерекше қатынастармен байланысты тұлғалардың қатысуымен жасалатын мәміле болып табылатын № 3 қосымша келісім жасасуы;
  • банктің Директорлар кеңесі мүшелерінің өкілеттіктерін мерзімінен бұрын тоқтату;
  • банктің Директорлар кеңесінің сандық құрамы мен өкілеттік мерзімін айқындау;
  • банктің Директорлар кеңесінің мүшелеріне өз міндеттерін орындағаны үшін сыйақылар мен өтемақыларды төлеу мөлшерін және шарттарын айқындау;
  • банктің Директорлар кеңесінің мүшелерін сайлау.

Жиналыс туралы толық ақпарат мына сілтеме бойынша орналастырылған – толығырақ

[2023-07-11]