"ҚазМұнайГаз" Ұлттық компаниясы" АҚ Директорлар кеңесінің құрамы өзгертілді

05.07.23 11:34
/KASE, 05.07.23/ – Бағалы қағаздары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "ҚазМұнайГаз" Ұлттық компаниясы" АҚ (Астана) акционерлердің жалпы жиналысының 2023 жылдың 27 маусымындағы шешімімен Компанияның Директорлар кеңесінің құрамына мынадай өзгерістер енгізілгенін KASE-ге хабарлады: - Жаңәділ Е.Б. алып тасталды; - Отыншиев Е.М. сайланды. Енгізілген өзгерістерді ескере отырып, "ҚазМұнайГаз" Ұлттық компаниясы" АҚ Директорлар кеңесі сегіз адамнан тұрады: Уолтон Кристофер Джон, Мырзағалиев М.М., Қарабалин Ұ.С., Холланд Филипп Малкольм, Бердіғұлов Е Қ., Жұбаев А.С., Арғынғазин А.А., Отыншиев Е.М. Осы ақпарат мына сілтеме бойынша орналастырылды – https://kase.kz/files/emitters/KMGZ/kmgz_board_changes_270623_5475.pdf [2023-07-05]