АҚ "СК "Amanat" өз акционерлерінің тізілімі жүйесінің 2023 жылдың 01 шілдесіндегі жағдай бойынша үзінді көшірмесін Қазақстан қор биржасына ұсынды

05.07.23 11:30
/KASE, 05.07.23/ – Акциялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған, АҚ "СК "Amanat" биржаға өзінің акцияларын ұстаушылардың тізілімі жүйесінің 2023 жылдың 01 шілдесіндегі жағдай бойынша үзінді көшірмесін ұсынды. Үзінді көшірмеге сәйкес: - компанияның жарияланған жай акцияларының жалпы саны 2 500 000 дана; - компанияның 1 930 000 жай акциялары орналастырылған; - компанияның жалғыз акционері және, тиісінше, компанияның орналастырылған акцияларының жалпы санынан бес және одан аса пайызы көлеміндегі акциялар санына иеленген жалғыз тұлға "Fincraft" Инвестициялық үйі" АҚ болып табылады. [2023-07-05]