"ОнлайнКазФинанс" шағын қаржы ұйымы" АҚ өзінің KZ2C00009769 (MFOKb11) облигациялары бойынша бірінші купонның төленгені туралы хабарлады
04.07.23 09:33
/KASE, 04.07.23/ – "ОнлайнКазФинанс" шағын қаржы ұйымы" АҚ (Астана) Қазақстан
қор биржасына (KASE) өзінің облигациялары бойынша 2023 жылғы 03 шілдесінде
KZ2C00009769 (KASE баламалы алаңы, "коммерциялық облигациялар" санаты,
MFOKb11) бойынша бірінші купондық сыйақы төленгені туралы хабарлады.
Аталған хабарламаға сәйкес аталған сыйақы 188 601 211,30 теңге сомасында
төленді.
[2023-07-04]