30 маусымнан бастап Қазақстан қор биржасында MasterCard, Inc. US57636Q1040 (MA_KZ) жай акцияларымен сауда-саттық тоқтатылды
30.06.23 11:14
/KASE, 30.06.23/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2023 жылдың 30 маусымынан
бастап, KASE олар бойынша орталық контрагенттің функцияларын жүзеге асыратын
репо операциялары бойынша және есеп айырысу күні 2023 жылдың 07 шілдесіне
және одан кейінгі күндерге келетін, MasterCard, Inc. (АҚШ) US57636Q1040
("KASE Global" секторы, MA_KZ) жай акцияларымен KASE-де сауда-саттық
тоқтатылғанын хабарлайды.
Сауда-саттық Сауда-саттық KASE "Биржалық қызметті жүзеге асыру ережелері" атты
ішкі құжатының 11-2 бабы 1 тармағының 10) тармақшасына
сәйкес KASE-де 2023 жылдың 07 шілдесінде көрсетілген акциялар бойынша
дивидендтер төлеу үшін тізілімді тіркеу жүзеге асырылатыны туралы ақпараттың
болуына байланысты тоқтатылды.
KASE-де көрсетілген акциялармен сауда-саттық 2023 жылдың 10 шілдесінен бастап
қайта басталады.
[2023-06-30]