Ақпарат/
Нарықтар мен компаниялардың жаңалықтары
"Қазақтелеком" АҚ және "Azertelecom Int." ЖШҚ Транскаспий талшықты-оптикалық байланыс желісін салу және пайдалану үшін бірлескен кәсіпорын құру туралы келісімге қол қойылды
/KASE, 26.06.23/ – Бағалы қағаздары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "Қазақтелеком" АҚ (Астана) KASE-ге келесі мазмұндағы ақпараттық хабарлама ұсынды:
дәйексөздің басы
2023 жылғы 22 маусымда "Қазақтелеком" АҚ және "Azertelecom Int." ЖШҚ акционерлердің "Цифрлық Жібек жолы" (Digital Silk Way) ауқымды жобасының бөлігі болып табылатын Каспий теңізінің түбімен Қазақстан- Әзірбайжан бағыты бойынша Транскаспий талшықты-оптикалық байланыс желісін (ТОБЖ) салу және пайдалану үшін бірлескен кәсіпорын құру туралы келісімге қол қойды.
дәйексөздің соңы
Осы ақпарат қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде орналастырылды – толығырақ
[2023-06-26]