26 маусымнан бастап Қазақстан қор биржасында Pfizer Inc. US7170811035 (PFE_KZ) жай акцияларымен сауда-саттық тоқтатылды.
26.06.23 12:40
/KASE, 26.06.23/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2023 жылдың 26 маусымнан
бастап, KASE олармен жасалған репо операциялары бойынша орталық контрагенттің
функцияларын жүзеге асыратын және есеп айырысу күні 2023 жылдың 28 шілдесіне
және одан кейінгі күндерге келетін, Pfizer Inc. (АҚШ) US7170811035 ("KASE
Global" секторы, PFE_KZ) жай акцияларымен KASE-де сауда-саттық тоқтатылғанын
хабарлайды.
Сауда-саттық KASE ішкі құжатының 11-2 бабы 1 тармағының 10) тармақшасына
сәйкес KASE-де 2023 жылдың 28 шілдесінде көрсетілген акциялар бойынша
дивидендтер төлеу үшін тізілімді тіркеу жүзеге асырылатыны туралы ақпараттың
болуына байланысты тоқтатылды.
KASE-де көрсетілген акциялармен сауда-саттық 2023 жылдың 31 шілдесінен бастап
қайта басталады.
[2023-06-26]