26 маусымнан бастап KASE-де Freeport-McMoRan Inc. US35671D8570 (FCX_KZ) жай акцияларымен сауда-саттық тоқтатылады

26.06.23 12:39
/KASE, 26.06.23/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2023 жылдың 26 маусымынан бастап, KASE олармен жасалған репо операциялар бойынша орталық контрагент функцияларын атқаратын және есеп айырысу күні 2023 жылдың 14 шілдесіне және одан кейінгі күндерге сәйкес келетін Freeport-McMoRan (АҚШ) US35671D8570 ("KASE Global" секторы, FCX_KZ) жай акцияларымен бойынша сауда-саттықты тоқтататынын хабарлайды. Сауда-саттық KASE "биржалық қызметті жүзеге асыру қағидалары" ішкі құжатының 11-2 бабы 1 тармағының 10) тармақшасына сәйкес KASE-де 2023 жылдың 14 шілдесінде көрсетілген акциялар бойынша дивидендтер төлеу үшін тізілімді тіркеу жүзеге асырылатыны туралы ақпараттың болуына байланысты тоқтатылды. Көрсетілген акциялармен KASE-де сауда-саттық 2023 жылдың 17 шілдесінен бастап қайта басталады. [2023-06-26]