KASE 26 МАУСЫМНАН БАСТАП БИРЖАЛЫҚ НАРЫҚТАРДЫҢ ЖЕКЕЛЕГЕН ҚАРЖЫ ҚҰРАЛДАРЫНЫҢ ТӘУЕКЕЛ ПАРАМЕТРЛЕРІН ӨЗГЕРТЕДІ

20.06.23 18:06
/KASE, 20.06.23/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2023 жылдың 26 маусымынан бастап қор нарығының, валюта нарығының және деривативтер нарығының жекелеген қаржы құралдары бойынша тәуекел параметрлерінің өзгеретінін хабарлайды. Қор нарығының мынадай құралдары бойынша нарықтық тәуекел мөлшерлемелері өзгертілді: - FinEx Physically Backed Funds басқаруында IE00BG0C3K84 ("инвестициялық қорлардың бағалы қағаздары" секторы, IE_FXBF); - "ҚазМұнайГаз" Ұлттық компаниясы" АҚ KZ1C00001122 жай акциялары (KASE негізгі алаңы, "стандарт" санаты, KMGZ); - "ҚазТрансОйл" АҚ KZ1C00000744 жай акциялары (KASE негізгі алаңы, "премиум" санаты, KZTO); - American Airlines US02376R1023 жай акциялары ("KASE Global" секторы, AAL_KZ); - The Boeing Company US0970231058 жай акциялары ("KASE Global" секторы, BA_KZ); - The Coca-Cola Company US1912161007 жай акциялары ("KASE Global" секторы, KO_KZ); - Meta Platforms, Inc. US30303M1027 жай акциялары ("KASE Global" секторы, META_KZ); - M&T Bank Corporation US55261F1049 жай акциялары ("KASE Global" секторы, MTB_KZ); - NVIDIA Corp. NIKE, Inc. US6541061031 жай акциялары ("KASE Global" секторы, NKE_KZ); - US67066G1040 жай акциялары ("KASE Global" секторы, NVDA_KZ); - Tesla, Inc. US88160R1014 жай акциялары ("KASE Global" секторы, TSLA_KZ); - Еуразиялық Даму Банкі KZ2D00009628 облигациялары ("халықаралық қаржы ұйымдарының бағалы қағаздары" секторы, EABRb40); - "Қазақстандық орнықтылық қоры" АҚ KZ2C00008936 облигациялары (KASE негізгі алаңы, "облигациялар" санаты, KFUSb47); - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің KZKT00000032 облигациялары (MTM060_0001); - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің KZKT00000040 облигациялары (MTM072_0001). Нарықтық тәуекел мөлшерлемелері валюта нарығының мынадай құралдары бойынша өзгертілді: - USD валютасы; - EUR валютасы. Пайыздық тәуекел мөлшерлемелері валюта нарығының мынадай құралдары бойынша өзгертілді - USD/KZT валюта жұбы, мерзімі 1 күн; - EUR/KZT валюта жұбы, мерзімі 1 күн. Сонымен қатар, мыналар өзгертіледі: - қор нарығында, валюта нарығында және деривативтер нарығында қаржы құралдары бойынша шоғырлану лимиті; - қор нарығында "Қысқа сатылымға тыйым салу" белгісі; - деривативтер нарығындағы АҚШ долларының теңгеге бағамына фьючерс бойынша нарықтық тәуекел мөлшерлемелері. Жаңа бекітілген тәуекел параметрлерімен KASE интернет-ресурсында мына сілтеме бойынша танысуға болады – https://kase.kz/ru/documents/risk/ [2023-06-20]