KZ
12 шілде 2025, 06:52
old.kase.kz-ке өту
Қазақша
Ақпарат/
Нарықтар мен компаниялардың жаңалықтары
19.06.2023 10:32 #Бағалы қағаздар

"Нұрбанк" АҚ өзінің KZ2C00002012 (NRBNb10) облигацияларының өтелгені туралы хабарлады

/KASE, 19.06.23/ – "Нұрбанк" АҚ (Алматы) Қазақстан қор биржасына (KASE) 2023 жылдың 16 маусымында өзінің KZ2C00002012 (NRBNb10) облигацияларын өтеу туралы хабарлады, оның шеңберінде аталған облигациялар бойынша соңғы – 20-шы купондық сыйақы төленді.

Аталған хабарламаға сәйкес көрсетілген облигациялар бойынша төлемдердің жалпы сомасы 15 525 000 000 теңгені құрады, оның ішінде негізгі борыш (облигациялардың жиынтық номиналды құны) – 15 000 000 000 теңге, 20-купондық сыйақы – 525 000 000 теңге.

[2023-06-19]