16 маусымнан бастап Қазақстан қор биржасы US20825C1045 (COP_KZ) ConocoPhillips жай акцияларымен сауда-саттық тоқтатылады

15.06.23 16:29
/KASE, 15.06.23/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2023 жылдың 16 маусымынан бастап KASE олар бойынша орталық контрагенттің функцияларын жүзеге асыратын репо операциялары бойынша және есеп айырысу күні 2023 жылдың 27 маусымына және одан кейінгі күндерге тиесілі ConocoPhillips (АҚШ) US20825C1045 ("KASE Global" секторы, COP_KZ) жай акцияларымен сауда-саттық тоқтатыла тұратынын екенін хабарлайды. Сауда-саттық "Биржалық қызметті жүзеге асыру ережелері" атты KASE ішкі құжатының 11-2 бабы 1 тармағының 10) тармақшасына сәйкес KASE-де 2023 жылдың 27 маусымында көрсетілген акциялар бойынша дивидендтер төлеу үшін тізілімді тіркеу жүзеге асырылатыны туралы ақпараттың болуына байланысты тоқтатылды. KASE-де көрсетілген акциялармен сауда-саттық 2023 жылдың 29 маусымынан бастап қайта басталады. [2023-06-15]