"Fincraft Group" ЖШС-нің жалғыз қатысушысы серіктестіктің 2022 жылғы және 2023 жылдың бірінші тоқсанындағы таза кірісін бөлмеу туралы шешім қабылдады

15.06.23 12:23
/KASE, 15.06.23/ – Облигациялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "Fincraft Group" ЖШС (Алматы) жалғыз қатысушының 2023 жылдың 31 мамырындағы шешімдері туралы KASE-ге хабарлады: - серіктестіктің 2022 жылғы шоғырландырылған қаржылық есептілігі бекітілсін; - серіктестіктің 2023 жылдың бірінші тоқсанындағы шоғырландырылған аралық қысқартылған қаржылық есептілігі бекітілсін - 2022 жылдың және 2023 жылдың бірінші тоқсанындағы қызмет қорытындылары бойынша таза кіріс бөлінбесін және дивидендтер төленбесін. Осы ақпарат мына сілтеме бойынша орналастырылды – https://kase.kz/files/emitters/NCOM/ncom_decision_sole_310523_63.pdf [2023-06-15]