Ақпарат/
Нарықтар мен компаниялардың жаңалықтары
"Fincraft" Инвестициялық үйі" АҚ акционерлері компанияның 2022 жылғы таза кірісін бөлмеу туралы шешім қабылдады
/KASE, 15.06.23/ – Акциялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "Fincraft" Инвестициялық үйі" АҚ (Алматы) 2023 жылдың 12 маусымында өткен акционерлердің жалпы жиналысының шешімдері туралы KASE-ге хабарлады.
Акционерлер, оның ішінде, мынадай шешімдерді қабылдады:
- компанияның 2022 жылға аудиттелген жеке қаржылық есептілігі бекітілсін;
- компанияның 2022 жылғы аудиттелген шоғырландырылған қаржылық есептілігі бекітілсін;
- компанияның 2022 жылғы таза кірісі бөлінбесін, ол компанияның иелігінде қалдырылсын, 2022 жылғы жай акциялар бойынша дивидендтер есептелмесін және төленбесін.
Осы ақпарат мына сілтеме бойынша орналастырылды – толығырақ
[2023-06-15]