/KASE, 12.06.23/ – Акциялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми
тізімінде тұрған "Өскемен титан-магний комбинаты" АҚ (Өскемен)
компанияның 2022 жылғы шоғырландырылған қаржылық есептілігі бойынша
аудиторлық есебін KASE-ге ұсынды.
2022 жылдың 31 желтоқсанындағы аудиттелген деректерге сәйкес
(егер өзгеше көрсетілмесе, мың теңгемен):
-------------------------------------------------------------------
Көрсеткіш 31.12.22 31.12.21
------------------------------------------- ----------- -----------
Меншікті капитал 47 878 530 40 578 957
Жиынтық активтер 180 796 558 152 993 274
Жиынтық міндеттемелер 132 918 028 112 414 317
Сату көлемі 75 626 462 66 854 736
Жалпы табыс 28 020 295 12 425 856
Таза пайда (таза шығын) 6 741 141 2 577 300
Жай акцияның баланстық құны, теңге 23 191 19 735
Артықшылықты акцияның баланстық құны, теңге н/д 20
ROA, % 3,73 1,68
ROE, % 14,08 6,35
ROS, % 8,91 3,86
-------------------------------------------------------------------
Компанияның 2022 жылғы қаржылық есептілігінің аудитін
"Moore Kazakhstan" ЖШС жүргізді. Аудиторлық қорытындыға сәйкес
шоғырландырылған қаржылық есептілік барлық маңызды аспектілерде
"Өскемен титан-магний комбинаты" АҚ мен оның еншілес
кәсіпорындарының 2022 жылдың 31 желтоқсанындағы жағдай бойынша
шоғырландырылған қаржылық жағдайын, сондай-ақ олардың
шоғырландырылған қаржылық нәтижелерін және ҚЕХС-ға сәйкес
көрсетілген күні аяқталған жылдағы ақша қаражаттарының
шоғырландырылған қозғалысын анық көрсетеді.
Есеп KASE интернет-сайтында жарияланды –
https://kase.kz/files/emitters/UTMK/utmkf6_2023_cons_rus.PDF
[2023-06-12]