Қазақстан Қаржы министрлігі 07 маусымда Қазақстан қор биржасында МЕККАМ-12 154-ші шығарылымын (KZK100000290, MKM012_0154) өтеуге орташа сараланған кірістілігі жылдық 14,80 %-бен орналастырып, 30,4 млрд теңге тартты

09.06.23 17:45
/KASE, 09.06.23/ – Бұдан бұрын хабарланғандай, 2023 жылдың 07 маусымдына Қазақстан қор биржасының (KASE) сауда-саттық жүйесінде Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің мемлекеттік қысқа мерзімді қазынашылық міндеттемелері МЕККАМ-12 154-ші шығарылымын (KZK100000290, MKM012_0154) орналастыру бойынша қайталама мамандандырылған сауда-саттық өтті. "Бағалы қағаздардың орталық депозитарийі" АҚ деректеріне сәйкес 2023 жылдың 09 маусымында облигацияларды орналастыру бойынша мәмілелер орындалды, қанағаттандырылған өтінімдер көлемі 30 424 772 948,7 теңгені құрады. KASE "Қазақстан Қаржы министрлігі 07 маусымда Қазақстан қор биржасында 338,5 млн МЕККАМ-12 154-ші шығарылымын (KZK100000290, MKM012_0154) өтеуге орташа сараланған кірістілігі жылдық 14,80 %-бен орналастырды" тақырыбындағы жаңалығы https://kase.kz/kz/news/show/1502761/ сілтемесі бойынша жарияланды. [2023-06-09]