/KASE, 09.06.23/ – Бұдан бұрын хабарланғандай, 2023 жылдың
07 маусымында Қазақстан қор биржасының (KASE) сауда жүйесінде
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің мемлекеттік орта мерзімді
қазынашылық міндеттемелері МЕОКАМ-60 52-ші шығарылымын
(KZK200000679, MOM060_0052) орналастыру бойынша қайталама
мамандандырылған сауда-саттық өтті.
"Бағалы қағаздардың орталық депозитарийі" АҚ деректеріне сәйкес
2023 жылдың 09 маусымында облигацияларды орналастыру бойынша
мәмілелер орындалды, қанағаттандырылған өтінімдер көлемі
15 971 849 064,6 теңгені құрады.
KASE жаңалығы "Қазақстан Қаржы министрлігі 07 маусым күні Қазақстан қор
биржасында 16,7 млн МЕУКАМ-60 52-ші шығарылымын (KZK200000679,
MOM060_0052) өтеуге кірістілігі жылдық 13,80 %-бен орналастырды"
https://kase.kz/kz/news/show/1502760/ сілтемесі бойынша жарияланды.
[2023-06-09]