"Aidarly Project (Айдарлы Прожект)" АҚ акционерлері 2022 жылға жай акциялар бойынша дивидендтер төлемеу туралы шешім қабылдады

09.06.23 10:51
/KASE, 09.06.23/ – Акциялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "Aidarly Project (Айдарлы Проджект)" АҚ (Жезқазған) 2023 жылдың 30 мамырында өткен акционерлердің жылдық жалпы жиналысының шешімдері туралы KASE-ге хабарлады. Акционерлер, оның ішінде, мынадай шешімдерді қабылдады: - компанияның 2022 жылғы аудиттелген қаржылық есептілігі бекітілсін - 2022 жылғы таза пайданың болмауына байланысты жай акциялар бойынша дивидендтер есептелмесін және төленбесін. Акционерлердің жылдық жалпы жиналысында күн тәртібіндегі бес мәселе бойынша шешімдер қабылданды. Осы ақпарат мына сілтеме бойынша орналастырылды – https://kase.kz/files/emitters/ADRP/adrp_special_shareholders_meeting_results_300523_102.pdf [2023-06-09]