"ҚазАзот" АҚ акционерлері компанияның 2022 жылғы жай акциялары бойынша дивидендтер төлемеу туралы шешім қабылдады

09.06.23 10:20
/KASE, 09.06.23/ – Акциялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "ҚазАзот" АҚ (Ақтау) 2023 жылдың 31 мамырында өткен акционерлердің жылдық жалпы жиналысының шешімдері туралы KASE хабарлады. Акционерлер, оның ішінде, мынадай шешімдерді қабылдады: - компанияның 2022 жылғы аудиттелген қаржылық есептілігі бекітілсін; - 2022 жылға компанияның жай акциялары бойынша дивидендтер төленбесін. Осы ақпарат мына сілтеме бойынша орналастырылды – https://kase.kz/files/emitters/KZAZ/kzaz_special_shareholders_meeting_results_310523_1899.pdf [2023-06-09]