"ҚазТрансОйл" АҚ бейрезиденттер үшін резервуарларда мұнайды сақтауға арналған тарифтің бекітілгені туралы хабарлайды
/KASE, 08.06.23/ – Акциялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "ҚазТрансОйл" АҚ (Астана) KASE-ге 2023 жылдың 08 маусымындағы баспасөз мәлімдемесін ұсынды, онда мыналар хабарланады:
дәйексөздің басы
Осымен "ҚазТрансОйл" АҚ "ҚазТрансОйл" АҚ Бас директорының (Басқарма төрағасының) 2023 жылдың 8 маусымындағы №55 бұйрығымен бейрезиденттер үшін "ҚазТрансОйл" АҚ Қазақстан Республикасының аумағы арқылы Өзбекстан Республикасына транзит мақсатында Ресейден шыққан мұнайды тасымалдау жөніндегі қызметіне айына 1 тонна үшін 0,52 АҚШ доллары (ҚҚС-сыз) мөлшерінде тік болат резервуарларында мұнайды сақтауға арналған тариф бекітілгені туралы хабарлайды.
Көрсетілген тариф 2023 жылдың 10 шілдесінен бастап қолданысқа енгізіледі.
дәйексөздің соңы
Баспасөз мәлімдемесінің толық нұсқасы мына сілтеме бойынша орналастырылды:
[2023-06-08]