KZ
11 мамыр 2025, 23:35
old.kase.kz-ке өту
Қазақша
Ақпарат/
Нарықтар мен компаниялардың жаңалықтары
08.06.2023 15:32 #Корпоративтік уақиғалар

"Қазақстандық тұрғын үй компаниясы" АҚ жалғыз акционері компанияның 2022 жылғы таза табысын бөлу тәртібін бекітті

/KASE, 08.06.23/ – Бағалы қағаздары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "Қазақстандық тұрғын үй компаниясы" АҚ (Астана) KASE-ге оның жалғыз акционерінің 2023 жылдың 29 мамырындағы шешімдері туралы хабарлады.

Жалғыз акционер, оның ішінде, мынадай шешімдерді қабылдады:

  • компанияның 2022 жылғы аудиттелген қаржылық есептілігі бекітілсін;
  • компанияның 2022 жылғы таза табысын бөлудің мынадай тәртібі 44 679 697 824,92 теңге мөлшерінде бекітілсін:

- 31 275 846 236,02 теңге дивидендтер төлеуге бағытталсын;

- 13 403 851 588,90 теңге компанияның иелігінде қалдырылсын

Осы ақпарат мына сілтеме бойынша орналастырылды – толығырақ

[2023-06-08]