Ақпарат/
Нарықтар мен компаниялардың жаңалықтары
"Tin One Mining" (Тин Уан Майнинг) АҚ жалғыз акционері компанияның 2022 жылғы жай акциялары бойынша дивидендтер төлемеу туралы шешім қабылдады
/KASE, 08.06.23/ – Акциялары Қазақстан қор биржасының (KASE) ресми тізімінде тұрған "Tin One Mining" (Тин Уан Майнинг) АҚ (Алматы) жалғыз акционерінің 2023 жылдың 06 маусымындағы шешімдері туралы KASE-ге хабарлады.
Жалғыз акционер, оның ішінде, мынадай шешімдерді қабылдады:
- компанияның 2022 жылғы қаржылық есептілігі бекітілсін;
- 2022 жылға таза табыстың болмауына байланысты компанияның жай акциялары бойынша дивидендтер төленбесін.
Осы ақпарат мына сілтеме бойынша орналастырылды – толығырақ
[2023-06-08]