/KASE, 08.06.23/ – Бағалы қағаздары Қазақстан қор биржасының (KASE)
ресми тізімінде тұрған "Қазақтелеком" АҚ (Астана) KASE-ге 2023 жылдың
07 маусымындағы баспасөз мәлімдемесін ұсынды, онда мыналар хабарланады:
дәйексөздің басы
Еліміздің ірі телеком операторы 2023 жылдың 1-тоқсанының қорытындысы
бойынша қаржылық есептілікті ашты.
"Қазақтелеком" АҚ компаниялар тобының кірісі 1-тоқсанның қорытындысы
бойынша 17%-ға артып, 167 млрд теңгеден асты (2022 жылдың 1-
тоқсанының қорытындысы бойынша 143 млрд теңге). Таза пайда өз
кезегінде 14%-ға ұлғайып, 33,3 млрд теңгені құрады (2022 жылдың 1
тоқсанының қорытындысы бойынша 29,2 млрд теңге). EBITDA көрсеткіші
21%-дан астамға жақсарды, ал оның кіріске қатысты пайдалылығы өткен
жылдың сәйкес кезеңінің қорытындылары бойынша 47%-бен 49%-ды құрады.
...
Ағымдағы жылдың 1-тоқсанында телеком-оператордың кең жолақты
қолжетімділіктегі клиенттік базасы 6 мың клиентке – қалаларда 2,7 мың
және ауылдық елді мекендерде 3,3 мың абонентке өсті. Сонымен қатар,
еліміздің 136 ауылында порт сыйымдылығын кеңейту жөніндегі жобаны іске
асыру есебінен 10 мыңнан астам порттар саны ұлғайтылды, республиканың
елді мекендерінде қосылуға 2,8 мың өтінім қабылданды және бұл көрсеткіш
өсуін жалғастыруда.
дәйексөздің соңы
Баспасөз мәлімдемесінің толық нұсқасы мына сілтеме бойынша орналастырылған:
-
https://kase.kz/files/emitters/KZTK/kztk_relizs_070623.pdf – орыс тілінде;
-
https://kase.kz/files/emitters/KZTK/kztk_reliz_070623_en.pdf – ағылшын
тілінде.
[2023-06-08]