07 маусым күні Қазақстан қор биржасында есептесуі 09 маусымда болатын МЕККАМ-12 154-ші шығарылымын (KZK100000290, MKM012_0154) орналастыру бойынша қайталама мамандандырылған сауда-саттық өтті

07.06.23 15:17
/KASE, 07.06.23/ – Бұған дейін хабарланғандай, бүгін Қазақстан қор биржасының (KASE) сауда-саттық жүйесінде есептесуі 2023 жылдың 09 мамырында болатын Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің мемлекеттік ұзақ мерзімді қазынашылық міндеттемелері МЕККАМ-12 154-ші шығарылымын (KZK100000290, MKM012_0154) орналастыру бойынша қайталама мамандандырылған сауда-саттық өткізілді. KASE алған хабарламаға сәйкес эмитент номиналды құны бойынша жалпы сомасы 33 850 805 400 теңгеге өтінімдерді қанағаттандырып, кесімдеу бағасын номиналдан 89,8146 % (кірістілік – жылдық 14,90 %) деңгейінде белгіледі. Қанағаттандырылған өтінімдердегі орташа сараланған таза баға номиналдың 89,8790 % құрады (кірістілік – жылдық 14,80 %). Астана қаласы уақытымен сағат 15:30-дан 16:00-ге дейін KASE сауда- саттық жүйесінде көрсетілген бағалы қағаздарды қосымша орналастыру бойынша арнайы мамандандырылған сауда-саттық өткізілетін болады. Орналастыру нәтижелері бойынша кеңейтілген жаңалықтар кейінірек жарияланады. KASE "Бүгін Қазақстан қор биржасында есептесуі 09 маусымда болатын МЕККАМ-12 154-ші шығарылымын (KZK100000290, MKM012_0154) орналастыру бойынша қайталама мамандандырылған сауда-саттық өткізіледі" тақырыбындағы жаңалығы https://kase.kz/kz/news/show/1502631/ сілтемесі бойынша жарияланған. [2023-06-07]