07 маусым күні Қазақстан қор биржасында есеп айырысуы 09 маусымда болатын МЕОКАМ-60 52нші шығарылымын (KZK200000679, MOM060_0052) орналастыру бойынша мамандандырылған сауда-саттық өтті

07.06.23 15:15
/KASE, 07.06.23/ – Бұған дейін хабарланғандай, бүгін Қазақстан қор биржасының (KASE) сауда-саттық жүйесінде есеп айырысуы 2023 жылдың 09 маусымында болатын Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің мемлекеттік орта мерзімді қазынашылық міндеттемелері МЕОКАМ-60 52-ші шығарылымын (KZK200000679, MOM060_0052) орналастыру бойынша арнайы мамандандырылған сауда-саттық өткізілді. KASE алған хабарламаға сәйкес эмитент номиналды құны бойынша жалпы сомасы 16 740 681 000 теңгеге өтінімдерді қанағаттандырып, кесімдеу бағасын номиналдан 91,6323% (кірістілік – жылдық 13,85%) деңгейінде белгіледі. Қанағаттандырылған өтінімдердегі орташа сараланған таза бағасы номиналдың 91,7616 % құрады (кірістілік – жылдық 13,80 %). Орналастыру нәтижелері бойынша кеңейтілген жаңалық кейінірек жарияланады. KASE "Бүгін Қазақстан қор биржасында есеп айырысуы 09 маусымда болатын МЕОКАМ-60 52-ші шығарылымын (KZK200000679, MOM060_0052) орналастыру бойынша арнайы мамандандырылған қайталама сауда-саттық өткізіледі" тақырыбындағы жаңалық https://kase.kz/kz/news/show/1502630/ сілтемесі бойынша жарияланды. [2023-06-07]