07 маусым күні Қазақстан қор биржасында есептесуі 09 маусымда болатын МЕУКАМ-96 13-ші шығарылымын (KZKD00001202, MUM096_0013) орналастыру бойынша қайталама мамандандырылған сауда-саттық өтті
/KASE, 07.06.23/ – Бұған дейін хабарланғандай, бүгін Қазақстан қор биржасының (KASE) сауда-саттық жүйесінде есептесуі 2023 жылдың 07 маусымда болатын Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің мемлекеттік ұзақ мерзімді қазынашылық міндеттемелері МЕУКАМ-96 13-ші шығарылымын (KZKD00001202, MUM096_0013) орналастыру бойынша қайталама мамандандырылған сауда-саттық өткізілді.
KASE алған хабарламаға сәйкес эмитент номиналды құны бойынша жалпы сомасы 59 272 056 000 теңгеге өтінімдерді қанағаттандырып, кесімдеу бағасын номиналдан 87,3715 % (кірістілік – жылдық 14,00 %) деңгейінде белгіледі.
Астана қаласы уақытымен сағат 15:30-дан 16:00-ге дейін KASE сауда- саттық жүйесінде көрсетілген бағалы қағаздарды қосымша орналастыру бойынша арнайы мамандандырылған сауда-саттық өткізілетін болады.
Орналастыру нәтижелері бойынша кеңейтілген жаңалықтар кейінірек жарияланады.
KASE "Бүгін Қазақстан қор биржасында есептесуі 09 маусымда болатын МЕУКАМ-96 13-ші шығарылымын (KZKD00001202, MUM096_0013) орналастыру бойынша қайталама мамандандырылған сауда-саттық өткізіледі" тақырыбындағы жаңалығы толығырақ сілтемесі бойынша жарияланған.
[2023-06-07]