KZ
9 мамыр 2025, 11:56
old.kase.kz-ке өту
Қазақша
Ақпарат/
Нарықтар мен компаниялардың жаңалықтары
07.06.2023 15:07 #Сауда-саттық ақпараты

07 маусым күні Қазақстан қор биржасында есептесуі 09 маусымда болатын МЕУКАМ-108 14-ші шығарылымын (KZKD00001236, MUM108_0014) орналастыру бойынша қайталама мамандандырылған сауда-саттық өтті

/KASE, 07.06.23/ – Бұған дейін хабарланғандай, бүгін Қазақстан қор биржасының (KASE) сауда-саттық жүйесінде есептесуі 2023 жылдың 09 маусымында болатын Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің мемлекеттік ұзақ мерзімді қазынашылық міндеттемелері МЕУКАМ-108 14-ші шығарылымын (KZKD00001236, MUM108_0014) орналастыру бойынша қайталама мамандандырылған сауда-саттық өткізілді.

KASE алған хабарламаға сәйкес эмитент номиналды құны бойынша жалпы сомасы 91 097 469 000 теңгеге өтінімдерді қанағаттандырып, кесімдеу бағасын номиналдан 99,9528 % (кірістілік – жылдық 14,00 %) деңгейінде белгіледі.

Астана қаласы уақытымен сағат 15:30-дан 16:00-ге дейін KASE сауда- саттық жүйесінде көрсетілген бағалы қағаздарды қосымша орналастыру бойынша арнайы мамандандырылған сауда-саттық өткізілетін болады.

Орналастыру нәтижелері бойынша кеңейтілген жаңалықтар кейінірек жарияланады.

KASE "Бүгін Қазақстан қор биржасында есептесуі 09 маусымда болатын МЕУКАМ-108 14-ші шығарылымын (KZKD00001236, MUM108_0014) орналастыру бойынша қайталама мамандандырылған сауда-саттық өткізіледі" тақырыбындағы жаңалығы толығырақ сілтемесі бойынша жарияланған.

[2023-06-07]