/KASE, 07.06.23/ – Бағалы қағаздары Қазақстан қор биржасының (KASE)
ресми тізімінде тұрған "Нұрбанк" АҚ (Алматы) 2023 жылдың 30 мамырында
өткен акционерлердің жылдық жалпы жиналысының шешімдері туралы
KASE-ге хабарлады.
Акционерлер, оның ішінде, мынадай шешімдерді қабылдады:
- банктің 2022 жылғы жеке аудиттелген қаржылық есептілігі бекітілсін;
- банктің 2022 жылғы аудиттелген шоғырландырылған қаржылық есептілігі
бекітілсін;
- банктің 3 417 130 мың теңге мөлшеріндегі таза табысы бөлінбей
қалдырылсын, 2022 жылға банктің жай акциялары бойынша дивидендтер
есептелмесін және төленбеcін.
Акционерлердің жалпы жиналысында күн тәртібіндегі тоғыз мәселе бойынша
шешімдер қабылданды.
Осы ақпарат мына сілтеме бойынша орналастырылды –
https://kase.kz/files/emitters/NRBN/nrbn_special_shareholders_meeting_results_300523_7865.pdf
[2023-06-07]