07 маусымнан бастап Қостанай облысының жергілікті атқарушы органының KZMJ00001048 (KSK024_104) облигациялары мерзімінен бұрын өтелуіне байланысты KASE ресми тізімінен шығарылды

07.06.23 09:23
/KASE, 07.06.23/ – Қазақстан қор биржасы (KASE) 2023 жылдың 07 маусымынан бастап Қостанай облысының жергілікті атқарушы органының KZMJ00001048 ("мемлекеттік бағалы қағаздар" секторы, KSK024_104; 1 000 теңге, 2 338 024 000 теңге; 17.11.21 – 17.11.23; жартыжылдық купон жылдық 4,25%; 30/360) облигациялары мерзімінен бұрын өтелуіне байланысты KASE ресми тізімінен алынып тасталғанын хабарлайды. Қостанай облысы әкімдігінің Қаржы басқармасы KASE-ге аталған облигацияларды мерзімінен бұрын толық өтеу туралы ресми хатпен хабарлады. [2023-06-07]